USD 538.03
EUR 629.23
RUB 6.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

  • 27.сәуір.2021, 11:04,
  • 331

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook-те жазды. 

"Құрметті достар! Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", - деп жазды Сенат депутаты.

Әшімбаев пандемия екпіні әлі бәсеңдемегенін айтты.

"Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", - деді ол.



#МәуленӘшімбаев #спикер #Сенат #коронавирус #індет

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.04.2021
28.07.2020
28.07.2020
14.05.2020
04.05.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031