Ақсу қаласында бір кәсіпорынның басшысы "Электро-газбен дәнекерлеуші" мамандығы бойынша оқудан өткені туралы куәлік бергені үшін коммерциялық сатып алу ретінде заңсыз ақша қаражатын алған. Бұл ретте оқыту іс жүзінде жүргізілмей, құжаттар формальды түрде ресімделгені белгілі болды.