USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Назарбаев Қытайдағы Боао форумына қатысты

  • 21.сәуір.2021, 11:01,
  • 1 700

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Боао қаласында өткен Азия экономикалық форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады. 

Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - "Өзгеріп жатқан әлем: "Бір белдеу, бір жол" бастамасы шеңберінде бірлескен күш-жігермен жаһандық басқару мен ынтымақтастықты дамыту".

Форум Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы бейнеүндеуі ашты. Ол өз елінің сыртқы әлемге ашықтық саясатын жалғастыратынын мәлімдеді және серіктестерді жоғарыда аталған Бейжің бастамасының барлық мүмкіндіктерін бірлесе тиімді пайдалануға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде соңғы жиырма жыл ішінде тек Азияның ғана емес, бүкіл әлем дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін маңызды халықаралық алаң ретінде қалыптасқан Боао форумы жұмысының маңыздылығын айтты.

Елбасының айтуынша, COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі күнделікті шындыққа терең өзгерістер енгізіп, халықаралық қоғамдастық үшін бірқатар елеулі саяси, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сын-қатерлерді әшкереледі. Сонымен бірге дағдарыс адамзатқа қоршаған шындыққа жаңа көзқараспен қарауға және бүгінгі күні өзі үшін бірнеше маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, "пандемия қиын кезеңдерде мемлекеттің маңызды рөлін көрсетті - биліктің тиімді шараларының арқасында көптеген елдер жағдай дамуының жағымсыз сценарийлерінің алдын алды".

Бұл ретте баршаның планетамыздың "бағалануы және қорғалуы керек" өте нәзік организм екендігіне көздері жетті.

Пандемия жағдайында жаһандану және елдер мен халықтардың өзара әрекеттесуінің басқа процестері баяулады, адамдар арасындағы сенімсіздік өсіп, бұл жаһандық экономика мен саясатқа теріс әсер етеді.



#Назарбаев #Боао #Қытай #форум #пандемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.04.2021
10.01.2021
10.08.2020
25.10.2019
28.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930