"Спутник V" вакцинасын араға екі жыл салып еккеннің өзі артық болуы мүмкін, себебі адам қанында антиденелердің жоғары деңгейі сақталады деген болжам бар. Бұл туралы Роспотребнадзор орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная "Соловьев LIVE" YouTube-шоу эфирінде айтты. Бұл туралы RBC мәлімдеді.