USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Таразда мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің шатыры ұшып, су ағып жатыр

  • 24.наурыз.2021, 16:59,
  • 1 039

Таразда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер апатты жағдайда тұр. Бұл мәселеі жергілікті әкімдікте де мойындады, алайда мәселе әлі шешімін таппаған.

Олар кемшіліктерді бюджет қаражаты есебінен жоямыз деп уәде бергенімен, жөндеу жұмыстарын тұрғындар сегізінші жыл күтіп отыр. Осыдан сегіз жыл бұрын әкім қызыл лентаны қиып, мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлерді қолдануға бергенде әлеуметтік осал топтар арасында кезекте тұрғандардың қуанышында шек болмады. Көпбалалы аналар, жетімдер мен мүгедектер алғашқы күннен бастап Бәйтерек шағын ауданындағы жаңа пәтерлерін тұрақты түрде су басып отыратынын ол кезде білмеген.

 "Шатырлар ұшып кетті, көршілерінен ақша жинап, жасадық, бірақ оның пайдасы болмады. Қар жауса болды, су ағады", - дейді үйдің тұрғыны Назира Берікбосынова.

Тұрғындар сегіз жылдан бері су ағатын шатырлармен және ғимаратты сыртқы жағындағы мәселелермен арпалысуда. Екі жыл бұрын балкон құлаған. Алайда мамандар құрылыс жұмыстарынан еш кемшілік таппаған.

 "Мұнда екі бөлмелі пәтерде үнемі төбесінен су өтеді. Жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Олар жөндеу жұмыстарына көбірек ақша шығара ма, балаларына көп ақша жұмсай ма - белмеймін. Шатыр да, баспалдақ та құлады. Не істеу керектігін және кімге жүгіну керектігін білмейміз", - дейді тұрғын Сандуғаш Төленбекова.



#тұрғынүй #жөндеу #сапасызүй #мемлекеттікбағдарлама #дау

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2020
14.07.2020
14.07.2020
07.07.2020
01.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930