Шығыс Қазақстан облысының әйелдер колониясында "Көктем аруы" байқауы өтті. Жеңіс үшін төрт қатысушы күресті. Қазылар алқасының құрамына ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев, әйелдер колониясының бастығы, Жарма аудандық прокуратурасының өкілі, "Еңбек" РМК өкілі кірді.