USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ҚР Премьер-министр қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

  • 08.наурыз.2021, 15:37,
  • 208

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, - деп хабарлайды halqym.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Аяулы аналар, арулар, cіздерді көктемнің шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздердің бойларыңыздағы шексіз сүйіспеншілік, мейірім мен нәзіктік әр адамның өмірін бақыт пен берекеге толтырады. Әрбір отбасының ұйытқысы бола отырып, cіздер жас буынға тәлім-тәрбие беруде және өскелең ұрпақтың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда ерекше орын аласыздар.

Қоғам өмірінің сан түрлі салаларындағы еселі еңбектеріңіз арқылы cіздер Қазақстанның дамуына да орасан зор үлес қосып отырсыздар.

Өміріміздегі қуанышты да жарқын сәттер үшін біздің шынайы алғысымызды қабыл алыңыздар! Біз сіздерді ардақтаймыз және жақсы көреміз! Бақуатты және бақытты болыңыздар!", - делінген құттықтауда.



#АсқарМамин #Премьер-министр #құттықтау #8наурыз 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031