Белсенділер биліктен әкелі-балалы Ағаділдердің өлімін ашық тергеуді талап етті. 13 қарашада Ақмола облысы Талапкер ауылында бірнеше күн бұрын астана маңындағы Көктал ықшам ауданында төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, мерт болған 17 жастағы Жанболат Ағаділді ақтық сапарға шығарып салды.