USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Марқұм Дулат Ағаділдің ұлын өлтіріп кетті

  • 11.қараша.2020, 12:26,
  • 504

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болып, 17 жастағы азаматты пышақтап кеткен. 

Елордалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қарашада сағат 22.56-да 102 шұғыл байланыс желісіне Көктал ықшамауданының Болашақ көшесінде болып жатқан жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жастар арасында өзара жанжал болып, оның арты төбелеске ұласқандығын анықтады. Нәтижесінде екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 17 жастағы Ж.Ағаділовке пышақ салынған, ол жедел жәрдем келген кезде қайтыс болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі (кісі өлтіру) және 293, 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Ұсталғандар бар. Жанжалдың барлық тараптарын анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу нәтижелері бойынша төбелескендердің әрқайсысының іс-әрекетіне заңды баға беріледі.

Қоғам белсендісі Дулат Ағаділ осы жылдың ақпан айында тергеу изоляторында қайтыс болды. Ол сотты құрметтемеу, судьяға, сот отырысына қатысушыларға тіл тигізу және тергеу әрекеттерінен жалтару сынды қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталды. Оның өліміне жүрек жеткіліксіздігі себеп болғаны айтылды.



#дулатағаділ #өлім #белсенді #нұр-сұлтан #қылмыс #жаппайтөбелес 


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.09.2020
22.08.2020
25.02.2020
13.11.2019
10.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930