Түпкі тегімізді тану және тарихымызды білу, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – тек тарихшылардың, көнекөз қариялардың және шежірешілердің ғана парызы емес, ол сонымен бірге бүгінгі және кейінгі ұрпақтардың бәрінің міндеті. Ру тарихи – бабаларымыздың тарихы. Руы мен ата-тегін білу – ұлттық әдеп-ғұрыпты, ұлттық бауырмашылықты сақтау екенін түсінер уақыт жетті. Қазақ халқының тарихында күні бүгінге дейін шежіре төңірегінде нақты, шешімді зерттеу жоқтың қасы. Осы уақытқа дейін аталмыш тақырыпқа байланысты зерттелмеген күрделі кезеңдері баршылық. Шындығында, біздің қазақта тайға таңба басқандай анық шежіре де жоқ.