USD 544.26
EUR 634.72
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға өзі келді

  • 11.қыркүйек.2020, 09:38,
  • 396

Төрт баласын өлтірген әйел полицияға келіп, кінәсін мойындады.

Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте түсте Хатлон облысында болған. Ішкі істер министрлігі оқиғаның болғанын растап, бүгінде әйелдің қамауға алынғанын жеткізді.

Дереккөздің мәліметінше, әйелдің аты-жөні - Назокатхон Тоирова. 2 күн бұрын ол балаларымен бірге ағасының үйіне барған. Назокатхонның күйеуі құрылыста жұмыс жасаған. Қайғылы оқиға болған күні ол үйінде болмапты. Әйел 10, 8, 4 жастағы балалары мен 1 жасар сәбиін тұншықтырып өлтіріп, полицияға барған. Онда ол өз кінәсін мойындапты.

Әйелдің мұндай жантүршігерлік қылмыс жасауға не итермелегені әлі белгісіз. Құқық қорғау органдары бұл істі прокуратура тергейтінін атап өтті.



#бала #өлім #ана #тәжікстан 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930