USD 439.43
EUR 473.31
RUB 4.82
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Екібастұзда ұстаздар жалақысыз отыр

  • 11.қыркүйек.2020, 16:09,
  • 387

Екібастұздағы білім бөлімінің салық шотының бұғатталуы салдарынан мұғалімдер жалақы ала алмай отыр.

Мұғалімдер тамыздағы жалақысын алмағанын айтады. Екібастұз қаласының білім бөлімі ұстаздар мемлекеттік мекеменің есепшоты бұғатталу салдарынан жалақы ала алмай отырғанын жеткізді.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық Білім басқармасы растады. Алайда басшы бұл мәселеден хабары жоғын атап өтті.

"Екібастұздағы білім бөлімінің есепшоты бұғатталды. Алайда мұны білім бөлімі менен жасырды. Бұл ақылға қонымсыз жағдай. Себебі, мұғалімдер бейбіт уақытта әріптестеріміздің немқұрадылығы салдарынан жалақысын ала алмай отыр", - деді облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

Оның айтуынша, мұғалімдердің жалақысын уақытында ала алмауы білім бөлімі есепшілерінің кінәсінен туындаған. Бұл жағдайды анықтау үшін Екібастұзға арнайы комиссия жіберіліпті.

"Заң бойынша мұғалімдердің жалақысы әр айдың онына дейін төленуі керек. Тамызда жалақы төленуі тиіс болған уақытта Екібастұз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегіне байланысты білім бөлімінің есепшотын бұғаттап тастаған. Оған бухгалтерлердің асығыс әрекеті себеп болған. Бізден ол жаққа комиссия барып, мәселенің мән-жайын анықтап, барлығын тексереді. Онда Екібастұз ғана емес, бірнеше ауылдық мектеп бар. Мен мәселенің анық-қанығын білмеймін. Қазіргі таңда мәселе шешілді, есепшот ашылды. Мұғалімдерге жалақысы төленеді", - деді облыстық білім басқармасының басшысы.



#жалақы #дау #ұстаздар #екібастұз 



скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.09.2020
02.09.2020
21.11.2019
28.08.2019
16.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031