Белгілі түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев: «Әр түрлі халықтар адамдарының бір-бірінен айырмашылығы тек өмір сүру әдеттерінен емес, негізінен, олардың өлген адамға көзқарасынан көрінеді», - деген.Біз қазақ өлген адамға ерекше құрмет көрсетіп, арулап жерлейміз. Бұл атам заманнан келе жатқан қазақтың салты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды», - дейді біздің қазекем.