Инна, яғни тәртіпсіздіктер кезінде жарақат алған 5 жасар Юлияның анасы. Ол беларуссиялық Tut.by басылымына қайғылы кештің оқиғаларын айтып берді.
Әйел айтқандай, бәрі 11 тамызда кешке Гродно қаласында болды. Отбасы өз көлігімен бір ауданнан екіншісіне бара жатады. Бір сәтте көліктердің алдында әскери техника мен тәртіп сақшылары пайда болды. Сарбаздар, Иннаның айтуынша, көлікті таяқпен ұра бастады - олар әйнектер мен айналарды сындырды. Осыдан кейін әскери техника көлікке кірді. Соққыдан соң әйел бірден артқы орындықта отырған қызына қарағанда- баланың бет-аузы қан екенін көреді. Иннаның күйеуін полиция әкетті. Анасы мен қызы ауруханаға түсті, онда қыз баланың жарақатын таңып, тігіп берді.
«Ауруханада ол менен «мама, бандиттер бізге шабуыл жасады ма?» деп сұрады», - дейді Беларусь тұрғыны.
#беларусь #тәртіпсіздік #лукашенко #сайлау #тихановская