Туған жердің адамзат баласына ыстық болатын себебі табиғатпен сонау ықылым заманнан кіндіктес өмір сүруінде жатыр. Ұшы-қиыры жоқ дархан дала ұрпаққа жер қадірін білдіріп, өз тарапынан рух беріп отыратын тәрізді. Сондықтан туған жерін қасық қаны қалғанша найзаның ұшы, қылыштың жүзімен қорғаған қазақ халқы табаны тиген жерлерге перзенттік махаббат сезімімен, оның белгі-бедерін ескеріп ат қойып, жырға, ән әуеніне қосып, аңыз өзегіне айналдырып отырған.