USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

«14 жасқа дейінгі балаларды зорлағандар 20 жыл немесе өмір бойы қамауда болады» - Ерлан Қарин

  • 27.июля.2020, 13:00,
  • 816

Одан бөлек, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін де жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін ауыр қылмыс болады.

14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жазды. 

«Соңғы оқиғаларға байланысты желі пайдаланушылары балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту керек деп жазып жүр. Шын мәнінде, мұндай шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы қабылданған еді.

Президент 2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауында сексуалдық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қарсы басқа да ауыр қылмыстар жазасын жедел түрде қатаңдатуды тапсырды» деп жазды ол.

Ерлан Қарин тиісті заң жобасының күзде Парламентке түскенін атап өтті. Ал 30 желтоқсанда Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және ол 2020 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.

«Заңның жаңа нормаларына сәйкес, орташа ауырлықтағы зорлық-зомбылық қылмысы ауыр қылмыс санатына ауыстырылды. 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойы қамау жазасы көзделеді.

Одан бөлек, педофилия фактілерін жеткізбеу, жасыру, бұрмалау үшін де жауапкершілік белгіленген. Бұл енді 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін ауыр қылмыс болады. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі – біздің мемлекет үшін басым бағыттардың бірі» деп жазды Президент кеңесшісі.



#ерланқарин #зорлық #педофилия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.07.2020
18.10.2019
12.09.2019
03.09.2019
02.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930