USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырау облысында осымен алтыншы бас санитар дәрігер ауысты

  • 27.июля.2020, 12:33,
  • 322

Асылбек Шаров 37 жаста. Коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері Атырау облысына тағайындалған алтыншы бас санитар дәрігер болды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

"Асылбек Шаров санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласында 14 жылдан астам еңбек етті, жұмыс тәжірибесі мол", - деді департаментте.

Асылбек Шаров 1983 жылы 11 наурызда Маңғыстау облысы Шетпе кентінде дүниеге келген. 2006 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын бітірген. Мамандығы бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог.

2016 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша заңгер.

Еңбек жолын 2006 жылдың 15 тамызында Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚБ коммуналдық гигиена бойынша санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы болып бастады.

2006 жылғы 1 қарашадан 2011 жылғы 24 сәуірге дейін Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚБ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың 24 сәуірінен 2012 жылдың 2 мамырына дейін Қарақия ауданы бойынша МСЭҚБ бастығы.
2012 жылдың 2 мамырынан 2014 жылдың 7 ақпанына дейін Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы.
2014 жылдың 7 ақпанынан 2017 жылдың 27 сәуіріне дейін Жаңаөзен қалалық ТҚҚ басқармасының басшысы .

2017 жылдың 28 сәуірінен 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін Жаңаөзен қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2018 жылдың 26 сәуірінен 2019 жылдың 13 наурызына дейін Түпқараған ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2019 жылдың 14 наурызынан 2020 жылдың 27 қаңтарына дейін Маңғыстау ауданы әкімі аппаратының бақылауды ұйымдастыру және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың 28 қаңтарынан 2020 жылдың 7 маусымына дейін Шетпе ауылының әкімі.
2020 жылдың 8 маусымынан бастап Маңғыстау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің жұмыс орындары мен коммуналдық мақсаттағы объектілердегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.



#атырау #бассанитар #карантин #тағайындау 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2020
24.08.2020
12.08.2020
18.12.2019
22.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930