Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус жылдам тарап жатқан елдердің қатарына Қазақстанды жатқызды.
Қазақстан Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия елдерімен әуе қатынасын жандарды.
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды.
Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрмейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
Еуропада соңғы жеті күн ішінде коронавирус жұқтырғандардың саны көбейген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге айтты.
ҚР Парламенті сессиясының жабылуы 30 маусымда өтеді.
Азия даму банкі падемия жағдайында туындаған мәселелерді шешу үшін Қазақстанға 1 миллиард доллар бөледі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова халыққа медицина қызметкерлері жетіспейтінін және жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу үшін демеуші қажет екенін мәлімдеді.
Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметтен не себепті кеткенін түсіндірді.
Алексей Цой Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.