Банк Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады. Бұл қаражат есебінен инфекция таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеріп, оларды сақтану құрал-жабдықтарымен қамту көзделген. Сондай-ақ Азия даму банкі Қазақстанмен бірлесіп, мемлекеттік басқару, шағын бизнесті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша жұмыстар атқарады.