USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Атырауда тыныс алдыру аппараты тапшы

  • 26.июня.2020, 11:30,
  • 487

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова халыққа медицина қызметкерлері жетіспейтінін және жасанды тыныс алдыру аппараттарын сатып алу үшін демеуші қажет екенін мәлімдеді. 



"Шынын айту керек, жағдай қиындап барады. Бүгінгі жағдай сәуір, мамырдағы жағдайға қарағанда қиын екенін жасырмаймыз. Бір тәулікте коронавирус жұқтыратындар саны күрт ұлғайды. Бұрын күніне бес адам анықталса, енді күніне 20-25 адам түседі. Мен жерлестерге үндеу жасаймын! Бәлкім, сіздердің араларыңызда медицина мамандары бар болар - ерікті түрде болсын көмек көрсетуге дайын реаниматолог, инфекционист, эпидемиологтар болса. Бізде мамандар тапшы", - дейді Хаменова. 


Хаменова медициналық стационарларда 111 жасанды тыныс алдыру аппараты барын, бірақ ол жетпейтінін айтты. Егер оларды сатып алуға көмектескісі келетін демеушілер болса, әкімдік көмекті қабыл алуға дайын. 


25 маусымдағы мәлімет бойынша, наурыздан бастап өңірде коронавирус жұқтырған 3209 адам тіркелген: оның ішінде, ауру белгісімен 1560 адам, ауру белгісі жоқ 1649 адам анықталған. 

скачать dle 12.0
Фото авторы : liter.kz
Тағы да оқыңыздар:
25.06.2020
25.06.2020
19.06.2020
22.04.2020
07.04.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930