"Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің отбасы сотталушыларды кешірді. Бұл туралы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен сөзжарыс кезінде зардап шеккен тараптың қорғаушысы Алмат Қасқырбай мәлім етті.