Сонымен қатар, Алмат Қасқырбай кешірімнің айыпталушылардың жүріс-тұрысына қарамастан беріліп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, сот тыңдауы кезінде оның қамқорлығындағы адамдар "сотталушылардың өкінішін емес, оның орнына шімірікпеуін байқаған".
"Шімірікпей отырған Қайрат Ақшанов. Мен сотталушының қандай жоспар айтып бергенін білмеймін, оған сәйкес Ақшанов жәбірленушілерге дене жарақатын салғанын мойындайды да, ал Ахметов пен Шүкілдіков жай ғана қасында болған, ал қалған төртеуі мүлдем өзінше кетіп бара жатқан адамдар-мсыс. Мен бұл әңгімені ойлап тапқан адамның кім екенін білмеймін. Бірақ оның әңгімесі өтірік. Барлығы да болды. Олар тек батылдығын жинап, бәрін мойындап, кешірім сұрауы керек еді. Нұрғалиевтер отбасының оларды кешіруге батылдығы жетті. Маған сеніңіз, әрбір жәбірленуші бұлай жасай бермейді. Олар сотталушыларды кешіретінін айтты, бірақ заң алдында олар жауап беруіне тура келеді", - деді Алмат Қасқырбай.
Сондай-ақ, ол сотталушылардың туыстары жәбірленушілерге екі рет келгенін айтты. Алайда екі рет өз жақындарын ақтап, кешірім сұрамай кеткен.
"Біз сотталушылар Нұра ауданында жергілікті тұрғындардың немесе тіпті "Охотзоопром" қызметкерлерінің көмегімен аң аулаған деп есептейміз. Олар теңіз көліне фламинго қарауға емес, ақбөкен аулауға барған. Қасқырлар да жоқ. Олар бастапқыда барған Сарысуда бар. Қарағанды облысының аумағында соңғы үш жылда қасқырлар мен шакалдарды атуға рұқсатты қарапайым адамдарға бере бермейді...", - деп атап өтті Алмат Қасқырбай.