Вице-министр Санжар Жаркешовтің айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше кен орнын ашу мүмкіндігі бар.
"2,3 мың тонна алтын, 35,6 миллион полиметалл, 500 мың тонна сирек кездесетін металдар: қалайы, вольфрам бар", - деді Санжар Жаркешов брифинг барысында.
Сондай-ақ, министрлік өкілі көміртектерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде 76 миллиард тонна көмір бар.