Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы Қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.
Алматыға Ресейден коронавирусты анықтайтын диагностикалық тест жүйесі жеткізілді. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.
Тальгодағы "зорлау ісі" бойынша сотиалғандардың біріні әкесі жәбірленушіге жала жапқаны үшін сотталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.
Биыл қазақстандық мектептерде бағдарламалау негіздері пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.
Bek Air әуекомпаниясы билет ақысын қайтармай жатқаны үшін сот алдында жауап беретін болды.
Генерал-майор, қорғаныс министрлігінің кадр және әскери білім департаментінің басшысы Қайрат Көпбаев екі айға қамалды.
Бетперде киген қарулы екі ер адам Ақтаудың 7-ықшамауданында орналасқан кафелердің біріне баса-көктеп кіріп келген. Олардың бірі оқ ата бастаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан ауруханаларында 33 адам жатыр, олар коронавирус жұқтырды деген күдік расталмады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.