ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 13 қараша күні Алматы уақытымен 21 сағат 49 минут 56 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "CNPC" корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаратау қаласында 8 жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.
Оқушы өлімінен соң Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық", "Адам өлтіру" баптары бойынша іс қозғалды. Күдікке іліккендердің бәрі - оқушылар мен колледж студенттері.
Арнайы әзірленген жол активтерін басқару жүйесі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын бақылап, жол бойында қызмет көрсететін нысандар, аялдамалар, елді мекендер мен мердігер ұйымдар туралы толық ақпарат беріп отырады.
Алматыда бірқатар үйге жылу беру тоқтатылады.
Арыс қаласында қайырымдылық қордың есебінен бой көтерген "Баламекен" шағын ауданынан 100 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов және Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов пен "Верный Капитал" компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов жаңа қоныс иелеріне кілттерін табыс етті.
ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ЕАЭО-ның бірыңғай валютасын енгізу ресми құжатта мүлдем ескерілмегенін айтты.
ҚР АШМ "ҚазАгро" Холдингінің "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап "Электрондық үкіметтің" төлем шлюзінде (ЭҮТШ) Visa халықаралық төлем жүйесінің платформасында өткізілген QR-код арқылы төлем қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Сервисті "ҰАТ" АҚ мен Halyk Bank ("Қазақстан Халық банкі"АҚ) бірлесіп әзірледі.