Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева қызметінен кетті.
Астана әкімдігі отбасы құндылықтарын сақтауға, үйде әйелдер мен балалардың құқықтарына құрметпен қарауға жұртшылық назарын аударуға арналған бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді.
Қарағанды қаласының орталық көшесінде жолаушылар автобус аударылып қалды. Оқиға салдарынан 11 адам зардап шекті.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров еңбек демалысына шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА/МАГАТЭ) Өскемен қаласында орналасқан Төмен байытылған уран банкіне материалдың алғашқы партиясы сақтау үшін жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы LRT құрылысы туралы айтты.
2020 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді деп жоспарланып отыр.
Каталонияда жаппай митинг болып жатыр, көлік қозғалысы қиындап, Барселона әуежайында 50-ден аса рейс тоқтатылған.
Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Талғат Тлеуов пен "Лайн Групп" ЖШС және "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Б.К. Абдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Сұлтан Қамалетдинов ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болып тағайындалды.