USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Төмен байытылған уранның алғашқы партиясы Қазақстанға жеткізілді

  • 18.қазан.2019, 14:50,
  • 460

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА/МАГАТЭ) Өскемен қаласында орналасқан Төмен байытылған уран банкіне материалдың алғашқы партиясы сақтау үшін жеткізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті



АЭХА-ның ТБУ банкінде 90 метрикалық тонна уран гексафториді сақталады. Ол атом электр стансаларында стандартты жеңіл су реакторы үшін отын өндіруге жарамды. Материалдарды жеткізушілер - қазақстандық «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және француздық «Орано-Цикл» компаниясы. «ТБУ-дың бұл қоры радиоактивті қалдық емес. Халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмейді. Және ол АЭХА-ға мүше мемлекеттер саяси себептерге байланысты отынның дәстүрлі жеткізілімінің тоқтауымен бетпе-бет келген жағдайлар үшін қарастырылған», - делінген СІМ ақпаратында. Сыртқысаяси ведомстводан атап өткендей, материалды қауіпсіз сақтау үшін Үлбі металлургиялық зауытында қажетті инфрақұрылым құрылған. Айта кетейік, АЭХА-ның Қазақстанда Төмен байытылған уран банкін құру жөніндегі халықаралық жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен сәтті жүзеге асырылып отыр.


Қайнар көзі: https://www.inform.kz/kz/

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.11.2019
30.10.2019
22.10.2019
04.09.2019
29.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930