Браконьерлердің қолынан жапа шеккен «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторына Көкшетауда ота жасалды.
Қостанай облысында тасжолда жол-көлік оқиға тіркелді. Жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты және төрт адам зардап шекті.
Америкалық 21 Savage және J. Cole рэп-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards премиясына ұсынылды. Бейнебаянды отандасымыз жас режиссер Айсұлтан Сеитов түсірген.
"Астана" футболшылары Еуропа лигасының бірінші матчында андорралық "Санта-Коломамен" тең түсті.
Ақмола полицейлері ізін суытпай Ақмола тірек пунктінің "Охотзоопром" РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторларына шабуыл жасаған күдіктілерді құрықтады. Бұл туралы Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Солтүстіккореялық шекарашылар ресейлік "Сянхайлинь-8" сейнерін басып алған. Бортында экипаждың 17 мүшесі, оның ішінде Оңтүстік Кореяның екі азаматы болған.
Қырғызстанның қазіргі билігі экс-президент Алмазбек Атамбаевты елден кетуге тыйым салынған азаматтар тізіміне әлі ресми түрде енгізген жоқ.
Арыс қаласында 8466 үй бар, оның ішінде апаттан кейін тұруға жарамсызы - 315.
Еліміздің он өңірінде өрт қаупі бар. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырмады.