Барлығы шеруге полицияның бағалауынша 1,2 мың адам қатысты. Мәскеу полициясы 16 маусым күні Сахаров даңғылында акцияны өткізуге рұқсат берген, ал бүгін өткен шеру рұқсат етілмеген деп еске салып отыр.
Қазақстанда мессенджерлер мен әлеуметтік желілер уақытша жұмыс істеуді тоқтатты. Дәл қазіргі уақытта Whatsapp, Telegram мессенджерлері, Instagram және Facebook әлеуметтік желілері жұмыс істемейді деп хабарлайды NUR.KZ.
9-10 маусым күндері президент сайлауына, қорытынды нәтижелеріне қарсы азаматтар шеруге шықты. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бірталай адамдар қамауға алынған еді. Халықтың назарында болған оқиғалар жайлы Қазақстан өнер тұлғалары.
WhatsApp мессенджері қолданыс ережелерін бұзушыларға заң жүзінде шара қолданатынын өзінің ресми сайтында мәлімдеді.
2018 жылы Nomad Explorer, "Туризм, охота и рыбалка" бірлестігі, мемлекеттік "Ұлытау" музей-қорығы ұймдастырған "Көкмайса" фестивалі өз жалғасын табуда. Айтулы шара 14-16 маусым аралығында Ұлытау ауылында өткізіледі.
"YDA Holding" Түрік компаниясы Петропавлдағы көп салалы емхана салу қаржыландыруын өз мойнына алмақ.
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында 15 жасар жеткіншек су қоймасында батып кетті.
Бахыт Сұлтанов, Бауыржан Байбек және Ғабидолла Әбдірахымов жаңа әкім тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқарады.
Президентті ұлықтау салтанатында Қазақстанның экологиялық мәселесі көтерілді. Жаңа тағайындалған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге бірыңғай жаңа экологиялық реформа қажеттілігін атады.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылу жоспралануда. Алғашқы отырысы тамыз айында өтетінін мемлекет басшысы Президентті ұлықтау салтанатында жариялады.