Ринат Заитовтың ұсталынуы туралы Жүрсін Ерманов тоқталып кетті:
"Біразы шынымен Ринатты қолдап жүрсе, біразы неге келгендерін білмейді. Бір адамдар тіпті ащы сумен қызып жүргенін де өз көзіммен көріп отырмын. Біз тәуелсіз ел болдық, бұл сайлаудың басты қорытындысы халқы өзінің еркіндігін білдіруге құқылы екенін танытты. Болашақ өзгерістің іргесі қаланды. Жиналғандардың арасында неше түрлі адам бар. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Біреудің басы жарылып, көзі шығып, жазым болып кетсе Ринат жауап беруге тиісті болады. Осының бізге қажеті бар ма?"
Халықты сабырға шақырып, арандатуға ермеуді өтінішімен сөзін тәмәмдады.
Үнсіз отыр деп халық айыбына ұшыраған әншілер атынан Алтынай Жорабаева өз пікірін білдірді:
"Мен үнсіз қалсам, үйімде дұғада отырмын. Мен саясаткер емеспін. Мен көпбалалы, жалғызбасты анамын, әншімін. Нұр Отан партиясына кіруімнің себебі, адамның санын көбейту емес, көпбалалы ананың көкейіндегі сұрақты, көп адамның жұмыссыз екендігін билікке жеткізу болды. Өнерде нағыз өнерпазды сараптау үшін көркемдік кеңес керектігін айтқым келді. Бірақ оны да айтудың жайы осылай екен деп дүрлігіп, ашуға беріліп, эмоцияның жетегіне кетіп емес, осы партияда еңбегімді көрсетіп, мәдениетті түрде жеткізгім келді"
Шеруге шығып, халықты бастаған батырларға сенім жоқ, әр нәрсені біліммен, бейбіт түрде жеткізу керек деген ұстанымға берік.
Әнші Нұрлан Албан болса тыныштық пен бейбітшілікке апарар бірден-бір жол — ауызбіршілік деп, арандатушылардан сақ болуды өтінді.