USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ормандағы ащы үн...

  • 09.мамыр.2021, 21:50,
  • 465

1941 жылдың күзгі мизам шуағы елескен тымырсық мезгілі. Шөп қурап басы тұқылдана салбырағанымен төңіректегі тоғай өңін бере қоймаған. 

Белоруссия майданы 2-ші соққы әскер девизиясының 5 -ші полк жаяу әскерін бөліп белгісіз қалың жынысты орман алаңқайына қазықтай қадады. Полк құрамында кеңес үкіметінің жығындағы әмбе нәсілдің түр-түрлісі құжынаған. Соғысты көзбен емес , құлақпен естіген 1500 дей кәрі -жасы аралас сарбаздар иық тіресіп етіктеріне шалынып жүргендері бір айдың жүзі . Төбедегі көкті гүрілдей тіле ұшқан жойғыш ұшақтың гүрілі демесең , майдан шебінің үні түгіл ұлыған иттің даусы естілмейді. Қапияда болашағың емес , ертеңгі күн қалай өрбитіні беймәлім, ашып - жарып жұлдызшалы пагон таққандардың айтқысы әсте жоқ.


Таң бозара, қас қарая окоп қазған сарбаздар әбден мезілікке салынып ығыры шыққан. Соның өзінде жалқау демесең қалғаны түгелімен орманға жүгіре серігіп келетіндері жоқ емес. Біздің бөлімше құрамында Қазақстаннан келген 18 - 19 жасар қазақ жігіті болатын. Өзі қара торы жіңішке, үстіндегі киімі ылбырап арықтығын байқатады. Орысшаға мақұрым . Айтқаныңа бейкүнә күлкісімен ыржия сала орман жағалайтының бірі сол. Басқадай емес пилоткісі мен гимнастеркісінің терең қалталарына жабайы шие, жидек әкеліп тарата жүреді. Қазақтың кер миықты қу жазық дала баласына ну жынысты орман тансық.


Беймезгіл уақытта үстеріне ұзын былғары плаш қыстырған генерал сымақтар мәшинемен келіп тексеріп кетеді. Өткенде солардың бірі орманнан жамырай шоқал төбелерінен текедей секіре жүгіріп сапқа түзелген бірталай сарбазды байқап ашу ызасы тері сыртына шықты. Сан тұсына салбырай түскен былғары сөмкесінен бума қағазды шығара:


"Әскери заң қулысы бойынша , әскери бөлімді немесе қызмет орнын әдейі заңсыз тастап кету немесе одан жалтару қылмыс болып табылады. Бұл РСФСР - дің Қылмыстық кодексінің 193 бабы , 7- 10 тармағына сәйкес соғыс уақытының заңы бойынша дереу ату жазасына кесіледі " деп орысша мойнының тамыры жарылып кетердей айқайлай оқып, қатаң ескерту жария етті.


Жаны құрғыр қымбат, орманға жүгіру дән тыйылды. Өзімізге беймәлім бұлыңғыр тірлік жалғаса берді. Окоптың әр түбінде ауызы бостар шеке тіресе қысыр әңгіме жіберіп уақыт өткізеді. Бірақ мазаң тіршіліктің тырнақтай да бағасы жоқ болғанымен арасында жүрек жұтқандар орманға да барып келіп жүр. Шыны керек үздіге тексеріп жатқан да ешкім жоқ.


Әлгі сұм бұйрықты оқығаннан кейін қанша уақыт өткенін құдай білсін , бір күні көліктерімен шаңдата генерал –сымақтар аяқ астынан жетіп келді. Апыр – топыр барлығы үсті бастарын жөнге келтіріп , қағынып сапқа тізіліп әлек. Жан – жақтан тексеріс жасағандар айқай –шудың астында. Біраз тыйылғасын былғары плаш кигендер ортаны алды. Тап сол кезде сарбаздардың назары басқа жақа ауысқан. Алыстан ентіге жүгіріп келе жатқан біздің бөлімшенің қазағы екен. Сап арасынан жалғаса кеткен күлкі дауыстар шыға бастады


-Молчать , я сказал молчать ,- деп фурашкасын төмен түсірген бір полковник ақырып қалды. Үнсіздік.


Екі өкпесін қолына ала жүгіріп келген қазақты жеткен бойда қызыл жағалы екі сарбаз ортаға алды. Тез арада погондағылар өзара ақылдаса окоп маңындағы кіндік бойындай шоқалға қазақты тұрғызып қойып , қолындағы қағазын алып әлгі бұйрықты оқи жөнеледі. Алайда , біздің қазақ не болып жатқанынан беймәлім. Ол ана жолы оқылған бұйрықты , табан астындағы оқып тұрғанын не екенін түсіне алар емес. Тек сонша жұрттың назарына іліккеніне ұяла ыржиып қана тұр.


Бұйрықты оқып болғасын , шетте дайын тұрған екі сарбазға :


-Пли ! – деді.


Мылтықтың дауысынан аспанға ұшқан қарғалардың ащы «қаңқ» еткен үні бойды шымырлатып жіберді. Соңғы деміне дейін не болғанын түсінбей өлген қазақтың жанында шашылған жабайы қызыл шиелері жатты.

(Орыс сарбаздың естелігінен)

ДАСТАН АБДЫРАХМАНҰЛЫ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
29.04.2021
22.09.2020
Зобалаң зардабы – зілбатпан

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі қаншама рет төнді. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

29.08.2020
20.08.2020
04.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930