USD 511.22
EUR 540.05
RUB 4.73
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шәмші Қалдаяқов пен Мұхтар Шаханов

  • 29.қантар.2021, 09:41,
  • 455

Алматыдағы Республика сарайының оңтүстігінен орын алған Шәмші Қалдаяқовтың мүсініне сырласуға келген Ғасыр адамы Мұхтар Шахановтың бейне-сюжетіне қалайша тебіренбеске....

Қос алыптың үнсіз сырласуы көзге тамшы жас үйірді....
Суреттен туындаған диалогымызды қабыл алыңыздар, жақсыларым..

Қос алыптың үнсіз сырласуы.

Мұхтар :

— О ,Шәмші,
Қадіріңді білдім бе тіріңде мен?
Көрдім міне....жүрегім дірілдеген

Шәмші:

— Мұхтар, сен тірімде түсінісіп,
Жанымды ұққан жансың шыныменен.

— Айта ғой ауыл- аймақ, ел жақ қалай?
Сені де жұр ғой білсем ардақтамай.

Мұхтар:

Ауылдың өңі кетті ,,заман шығар,
Көңілдің жасы тұр ғой құрғақтамай

Бейнеңді тастан соққан көргенімде,
Сезіндім көрге бірге кіргенімдей

Шәмші:

Қуандым жас баладай білемісің,
Жаныма гүл алып сен келгеніңде.

-Мұхтар-ау, əнімді ел салып жүр,ме?,
Жазған əнім жарасым тауып жүр ме?

Мұхтар:

— Сен жазған əнұранды ұрпақтарың,
Мақтаныштен айтып жүр əлі күнге..

Бөденелер шарықтап аспанымда,
Қыран қалды қайғының астарында.

Шәмші:

- Елім, тілім деп жүріп езіліпсің
Алатаудай биік ең жас шағыңда.

Айдарыңнан мамық жел еседі əлі,
Сені қолдар ұрпағың өседі əлі.

Мұхтар:

- Жанға тыным бермей жүр, сенесің бе,
Желтоқсанның ызғары кешегі әлі..

— Тау мүсінің ,Шәмшім- ау , құламасын,
Құным болмай жүр менің құлаған шын.

Шәмші:

— Жабырқама жарқыным, сені білем,
Шындасаң шын басына шыға аласың.

Татымды өлең түссің таңдайыңа,
Ұлтыңның бағы боп біт маңдайына.

Мұхтар:

- Тар жолда тайғақ кешіп жүргеніммен,
Шындықтан үкі тағам маңдайыма.

Алатау бүгін жасын төгіп тұр- ау,
Ақ ұлпа мамығынан сөгіп қырау.

Шәмші:

- Жер астында жаураған жүрегімді,
Жылытуға əдейі келіпсің-ау..

Мұхтар:

— Шәмшім- ау, сені қалай ұмытайын,
Бейнеңмен жүрегімді жылытайын.

Шәмші:

-Мұқтарым, мен де сені ұлықтағам,
Өлсем де, жырды қалай суытайын..

Мұхтар:

- Хош есен, Шәмші досым көріскенше,
Сырларды сәл мұңдылау бөліскенше.

Шәмші:

- Мұхтарым, тас бейнемді жатырқамай,
Келіп тұр фәнилікке өліскенше....

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
28.01.2021
25.12.2020
26.08.2020
27.07.2020
04.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031