USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Аңыздар желісімен...

  • 29.қыркүйек.2020, 10:24,
  • 468

Сары би бастаған бір топ кісі тойдан келе жатады. Үлкендері бар, жастары бар бидің өсиет сөздерін тыңдап, құмның шағылды жолымен , сексеуілді, ойлы - қырлы жерлерімен жүріп отырып, бір тегістеу жерге шығады. 

Жолаушылардың ішінде жастар жағы биге қарап, сөз айтуға қаймығып, бимен жасы қатарластары әралуан сауалдар қойып, жолаушылар көңілді келе жатады. Жолаушылардың бірі Сары бимен құрдас екен, базыналық жасап, кісілердің атынан Сары биге:


- Биеке, осы сізді ,"үшінші көзі бар,,деп жұрт айтып жүр, рас болса бір кереметіңізді көрсетші, ана келе жатқан керуеннің түйесіне қарашы", - деп қолқалайды. Сонда Сары би:


- Ұзақ жол жүріп, шаршап - шалдығып келе жатқан керуен болар. Әбіржітіп қайтеміз- деп түйеге қарағысы келмейтінін білдіреді. Құрдасы: "Жұрттың әңгімесі бекер екен. Болмаса бір кереметіңді көрсеткен болар едің"- дейді. Қасында келе жатқан кісілер де: ,"Биекең бір қызық іс қылар" - деп желпініп қалады. Қайта- қайта қолқа сала берген соң, Сары би:


- "Қоймадыңдар, айтқанға көнбедіңдер. Егер көксауырдан тұмары болмаса, аршадан ашамайы болмаса, аман қалмас, алдыңғы қара нарға қарадым"- дегені сол екен, ең алдыңғы нар түйе омақаса құлайды. Көріп тұрған кісілер шауып, түйе жығылған жерге барады.


Сары би айтқан белгілеріне көңіл аударып, анықтап қараса, мойнына тағылған көксауырдан тұмары күл - парша болып жыртылып, аршадан жасалған ашамайы бірнеше жерінен сынып, бөлініп кеткен екен.


Бидің кереметіне көздері жеткен кісілер іштей өз сөздеріне өздері ұялып, бір - біріне тіл қатыспай, ауылдарына тым- тырыс келген екен.


#тарих #би #өсиет #аманат #аңыз

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930