Сондағы айтатыны:” Қонақ келсе болды, семіз байталдың жал-жаясы да, қазы-қартасы да, құдаға тартатын қойдың басы да, бәрін айтпағанда, күнде сауылатын ала сиырдың сүті де, тіпті майлы құрттың өзін де мен қайнатып пісірем”. Берекенің барлығы менде!
Сенің түк қатысың жоқ. Пілдің құлағындай қауқиған жәй әшейін қақпақсың-деді қазан, қақпағына шүйлігіп.
Берекенің Сізде екеніне еш күмәнім жоқ, қасиетті қазақтың қара қазаны-деді қақпақ. Ішіңізге түскен қожайынның адал асына, ит-құс аузын тығып арамдап кетпесе екен-деп қақпақ болып қалқалап жүрмін ғой Сізді-деп айтып аузын жиғаны сол еді.
Астынан лаулап жанып, шарпыған оттың жалыны, ішіндегі сүттің буымен тасып, қазанның қақпағын жерге лақтырып жіберді.
Қақпағы жоқ қазанның ішіндегі сүттің, суығанын күтіп тұрғандай, ала төбетте сілекейі шұбырып келіп, қара қазанға ауыз салғаны сол-ақ еді.
Оны көрген дәу кемпір баж ете қалды. Ойбай мына албасты адал асымызды арамдады-ау. Мына қазанның қақпағы құрғыр қайда кеткен. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді”-деген.
Атаңа нәлет ала төбет, адалымды арамдап, бала-шағамды бүгінгі несібесінен айырды-ау деп қазандағы сүтті жуындыға төкті кемпір.
Қақпаққа айтқан қатты сөздері үшін, қара қазан қатты өкінді. Береке менде емес қақпақта екен-ау-деді іштей. Адалыңды арамнан сақтау үшін де қақпақ керек екен-ау-деп қақпақ ілінген тұсқа қарай берді.
#қақпақ #қазан #қазақ #тарих #қасиет