USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Қазақ" ұлттының қорлық көру тарихы

  • 02.июня.2019, 11:30,
  • 1 438

ХV ғасырда Қазақ хандығы қалыптасқаннан бері, қазақ халқы бүгінгі күнге дейін қорлық көріп жүрген халық

Ресей 
Кеңестік заманның сұрқия саясатының арқасында Ресейге өткен жерлер: 
( Қазақстанның 1919-1922 жылдардағы алғашқы астанасы Орынбор қаласы. 
1. Оренбург (Орынбор) 
2. Астрахань (Астрахан) 
3. Саратов (Сарытау) 
4. Самара 
5. Тюмень (Төмен) 
6. Омск (Омбы) 
7. Томск 

Өзбекстан 
Төли бидің жатқан жері Ташкент бір кездері қазақтың Қызылордадан кейінгі астанасы (1922 жылы 04 сəуірден бастап 22 тамызға дейін) болған. 

Өзбекстанда қалған қалалар мен аудандар: 
1.Ташкент (Шыршық, Бостандық, Чыназ, Қыбрай, Ангрен, Ғазалкент, т.с.с) 
2. Сырдария (Гүлістан, Бахт, Алмазар, Жаңа ауыл, т.с.с) 
3. Жыззақ ( Достық, Фарыш, Бостан, Галларал т.т.с) 
4. Наваи 1982 жылы облыс атағын алды. Оған дейін Бұхара облысы болған (Канимех, Нұрата, Зарафшан, Ұшқұдық, Тамды) 
Наваи облысының Нұрата кентінде Кіші жүздің биі Əйтеке би жатыр. 
5. Қарақалпақстанда ( Хожелі, Тахияташ, Тахтакөпір, Қоңырат т.с.с) 

ҚЫТАЙ ЕЛІНЕ СТАЛИННІҢ СЫЙҒА ТАРТҚАН ҚАЗАҚ ЖЕРІН ОЙЛАСАҢ ЖҮРЕГІҢ ҚАЛАЙ АУЫРМАЙДЫ. АЛТАЙ ӨҢІРІНІҢ БƏРІН ТҰТАСТАЙ КЕСІП БЕРЕ САЛЫП, СОЛ ЖАҚТАҒЫ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫ ШЕТ ЕЛДІККЕ АЙНАЛДЫРА САЛДЫ. 

Осылай етіп Қазақстан жерінің өте көптеген аумақтарын бөліп беріп жіберді. Ол жерлерде тұрып жатқан Қазақтар өз ата-баба қонысында отыр. Өзінің туған жерінде отыр. Ата-бабасының сүйегі көмілген жерде отыр. Сондықтан оларды "қашқын", "сатқын" деуге қақың жоқ. Қазақтың үш биінен тек қана Қазыбек би ғана Қазақстанда, Төле би - Ташкентте, Əйтеке би - Наваи обл. Нұрата ауданында жерленген. Сонда сол екі би қашып жүріп, сатқын болып өлді ма...?! 

Репрессия мен аштықтың кезінде көп қазақтың жер ауып көшкені – бұл амалсыздықтан. Ана баласының етін жеген, бауыр-бауырды өлтіріп, əкеге бала қарай алмаған заманда ұрпағын аман сақтау үшін ауа көшуге тура келген. Шекара бойында совет өкіметі қаншамасын жосадай қырып жібергенін білмесең, ізден, оқы. Ешкім туған жерін өз еркімен тастап кетпейді. Жол бойынша қаншама басқыншылыққа тап болып Түркменстан, Тажікстан, Ауғанстан, Түркия, Иран, Индияға т.б елдерге шейін босып кеткен. Елде қалған қазақтар мықты, олар сатқын демес бұрын ойланғаның жөн. Репрессия кезінде қазақ қазақты сатқан. Ашаршылық кезінде қазақ өз баласын, өз бауырын жеген. Біз сол қазақтардың ұрпағымыз. 1962 жылға дейін Қазақстанда қазақтардың үлесі өте аз болған. Кеңес үкіметіне жұмысшы қолы керек болып шекарасын уақытша ашып, Қытайдан неше мыңдаған қазақтар елге қайтып өткен. Шекараны дереу жауып тастаған. Сонда арғы жақта өте алмаған қазақтарды қытайлар əскермен қайтарған. Елге өте алмай "елімайлап" жылаған халықтың көзжасы көл болған екен. Өз ата қонысын тастап неге Қазақстанға келгісі келді. Өйткені оларда елім, ұлтым деген сезім бар. Қазақстанда қанша келімсектер жүр. Жеріңді солардан қызғанбай өз қандасыңнан қызғану сорлылық, бишаралық. Қытай мен орыстан қызғанбай Қазақтан Қазақтың жерін қызғануың – ақымақтық. Кім көрінген сыйған жерге, кім көрінген қарындасыңды жар етіп алып жатқанда, үн шығаруға жарамай, ақылыңның жеткен жері қандастарымызды кемсіту болса, құлдық санадан ажырамағаныңның белгісі. Сол қазақтардың да ата- бабасы осы жер үшін ғасырлар бойы ат үстінде соғысты. Сондықтан қандастарымыздың біз сияқты Қазақстанды өз Отаным, Атамекенім деуге толық қақысы бар. Олардың ата-бабасының аққан қаны мен тамған тері үшін. 
Мұстафа Өзтүрік, Қанат Ислам, Майра Мұхамедқызы, т.б шеттен келген қандастарымыз емес пе? 
Қазақ осы əлемдік жаһандану заманында "ұлт" болып қалу үшін күресуде. Қазақылық бойларында сақталған, кеңестік құлдық санада болмаған, дəстүріміз бен тіліміз сақталған қандастарымыздың елге келуі біз үшін үлкен көмек. Қазір олардан мүмкін айырмашылық білінер, бірақ, ұрпақ ауысқасын олардың ұрпақтары осы өздерінің туған жеріне қызмет ететін болады. Қазақстандағы өз тілін білмейтін, салт-дəстүрін менсінбейтін, түрлі діни ағымдарға кірген бауырларымызға қарағанда, бойында имандары бар, дəстүрлі дініміздегі қандастарымыздың елімізге тигізер пайдасы мол. 

Қазақ – қайда болса да қазақ! 
"СЕН ШЕТТЕН КЕЛГЕСІҢ, СЕН АНА РУДАНСЫҢ, СЕН АНА ӨҢІРДЕНСІҢ, СЕН ...... ДЕУШІЛЕРГЕ БАТЫР БАБАМЫЗ БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ : "МЕН БІР ҚАЗАҚ ЕМЕСПІН, МЕН ТҰТАС ҚАЗАҚПЫН. МЕНІ БӨЛШЕКТЕУ МҮМКІН ЕМЕС" ДЕГЕН СӨЗІН АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ". БӨЛІНГЕННЕН ҰТҚАН ЖЕРІМІЗ БОЛДЫ МА? СЫРТ КҮШТЕРДІҢ ƏР УАҚЫТТА ҚАЗАҚТЫ- ҚАЗАҚҚА АЙДАП САЛҒАНЫНАН ТЕК ҚАЗАҚТАР ЗАРДАП ШЕККЕН. ЕНДІГІСІНЕ ЖОЛ БЕРМЕУ КЕРЕК. САБЫР АДАЙДЫҢ СӨЗІМЕН АЙТСАҚ: 
"ƏР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ". 
ОСЫ ҰСТАНЫМ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚТЫ ТЫҒЫРЫҚТАН ШЫҒАРАР ЖОЛ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.06.2019
06.06.2019
04.06.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930