Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты»,- делінген бейнероликте
Кедейлік деңгейі 10 есе, яғни 46,7-ден 4,6%-ға дейін қысқарды. 400 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылды. Бұл – Орталық Азия елдеріне келетін барлық инвестиция ағымының 75%-дан астамы.
«170 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 мың шақырым жол салынып, қайта жаңартылды. 1400 жаңа денсаулық сақтау нысаны, 1800-ден астам жаңа мектеп пен 900 балабақша ашылды»,- деп атап өтті партияның баспасөз қызметі, Қазақстан халқын келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастарға негізгі бағдар болатын «Елдіктің 7 тұғыры» қағидаттарының жиынтығын ұсынған болатын.
Олар, «Тәуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық», «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры», «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы», «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі», «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі», «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» және «Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» қағидаттары.