USD 447.4
EUR 477.55
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тарихшы таңғаларлық мәлімдеме жасады

  • 23.наурыз.2021, 10:42,
  • 298

Археолог, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Бауыржан Байтанаев Түркістан қаласының үш мың жылдық тарихы бар екенін айтты.

Байтанаев түркітілдес мемлекеттердің БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен медиа форумда сөз сөйлеп, бірегей Түркістан тарихы "ежелгі заманнан және көптеген ғасыр бұрын басталғанын" мәлімдеді. Ол 2000 жылы қазақстандықтар Түркістанның 1500 жылдығын қалай тойлағанын еске түсірді.

"Бұл датаны біз кеңестік және кеңес дәуіріндегі деректер негізінде атап өттік. Ол кезде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жүргізілген іргелі зерттеулер жарияланған жоқ еді. Ежелгі Түркістанның тарихы өте терең болып шықты", -  деді тарихшы.

Байтанаев жиналғандарға қаладан табылған қабірлер мен артефактілер туралы айтып берді.

"Қала аумағында зерттеу жүргізіп, барлық жәдігерді бірнеше рет тексердік. Даусыз артекфактілер, қабір кешендері негізінде осындай тұжырымға келдік... Біз Түркістан қаласына үш мың жыл болған деп санаймыз", - деді Байтанаев.

Оның айтуынша, Түркістан "түркі әлемінің орталығы болған және болып қала береді".

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан 2000 жылы 1500 жылдығын атап өтті. Өткен жылдың басында жергілікті билік Түркістанның тарихы 2800 жылға дейін баруы мүмкін екенін мәлімдеді.



#тарихшы #Түркістан #Байтанаев #мәлімдеме 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.03.2021
07.10.2020
13.08.2020
27.07.2020
06.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930