USD 497.26
EUR 525.21
RUB 4.97
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Желтоқсан" жайлы жаңа фильм шықты

  • 11.желтоқсан.2021, 13:19,
  • 943

Фильм аясында көтеріліске қатысқан 60-қа жуық кейіпкер мен тарихшы-ғалымдардан сұхбат алынып, 30-ға жуық пікір жазылған. Оның ішінде жақында дүниеден озған Ләззат Асанованың анасының, тарихшы Талас Омарбековтың да сұхбаты бар.

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Алматы» телеарнасы «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм түсірді.


Тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Қоғамдық даму басқармасының басшылығы және Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.


Түсірілім жұмыстарын ұйымдастыру барысында «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Желтоқсан» көтерілісіне қатысушы Нұрлыбек Қуанбаев, «Желтоқсан – 86» қоғамдық ұйымының жетекшісі Гүлбаһрам Жүніс және «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мырзағұл Тәжіғұлұлы, «Желтоқсан жалауы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Үміт Босманова,  «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбек, «Желтоқсан жұлдыздары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Баятқызы және басқа да ұйым жетекшілері, мүшелерімен редакторлық құрам бірнеше мәрте кездесті. Онда желтоқсан көтерілісіне қатысты тарихи тың деректер мен бұрын-соңды айтылмаған оқиғалар, бейнеқор мұрағаттары мен жеке архивтердегі материалдарды пайдалану бойынша сұрақтар талқыланды.


"Фильм аясында көтеріліске қатысқан 60-қа жуық кейіпкер мен тарихшы-ғалымдардан сұхбат алынып, 30-ға жуық  пікір жазылған. Қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған және басқа да мемлекеттік деңгейде атқарылып жатқан шаралардан әзірленген бейнематериалдар топтастырылған", - деді «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова.


«Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының  тапсырысымен «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм түсіру жоспарланған болатын. 5 айға жуық уақыт ішінде «Алматы» телеарнасы «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты 60 минуттық телевизиялық жоба әзірледі.


Фильмнің режиссері –  Атлан Булыбаев, редакторы – Айдана Шалқарова, продюсері – Айгерім Асқарбай және басқа да шығармашылық ұжым мүшелері бар.  


Фильм аясында көтеріліске қатысқан 60-қа жуық кейіпкер мен тарихшы-ғалымдардан сұхбат алынып, 30-ға жуық  пікір жазылды. Марқұм Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асановадан тамыз айында сұхбат алынған болатын. Өкінішке қарай, Алтынай Асанова бірнеше аптадан кейін бақилыққа аттанды. Фильмде белгілі тарихшы-ғалым Талас  Омарбектің де пікірі енгізілген еді. Өздеріңіз білесіздер, Талас аға да жақында өмірден озды...

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.12.2021
24.10.2021
20.03.2021
19.09.2020
01.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930