Оған дәлел Қапалдың маңынан ерекше сәнді сырғалар табылғандығы. Біздің бабаларымыз саф алтынды Алтай, Қаратау, Сарыарқа, Тянь-Шань тауларының етегінен өндіріп алған» деген болатын.
Демек, алтыннан жасалған алғашқы әшекей бұйымдар қазақ тарихынан алыс емес екенін аңғаруға болады. Оған дәлел археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған - алтын әшекей бұйымдар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Күлтөбе қалашығынан II-III ғасырға тән алтын әшекейлер табылғанын да естіген едік. Табылған қазынаның ішінде сырғалар мен зергерлік бұйымдардың бірнеше алтын бөлшектері, түрлі моншақтар болған.
Зерттеу нәтижесінде, зергерлік бұйымдар үшін пайдаланылған қорытпалардың құрамында алтынның сапасы жоғары екені анықталған. Сол кезден бастап, Қазақстанның сапалы алтынның отаны болғанын, көне жәдіргерлердің өзі қазақ халқының зергерлік өнері ертеден бастау алғанын аңғартады. Бүгінде ең алғашқы алтынды өндірген Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 15-орында.