USD 448.89
EUR 477.93
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Абылайдың дүниеге келуі жайында

  • 29.қыркүйек.2021, 20:02,
  • 162

Абыз ана Ақайдың айбынды хан Абылайдың өмірге келуіне себепкер болғаны жайлы бір үзік сыр...

Абылайдың анасы толғағы ауыр болып алты күн қатты қиналады. "О Аллам?! Жанымды қинамай ал!"-деп жан айқайы шыққанда алты қанат ақбоз үй шайқалар еді. Жетінші күні сол ауылдың төңірегінен Мәртөбе деген жерден үлкен бір астан қайтып, түйемен өтіп бара жатқан Ақай ана бірінші ұшырасқан келіншектен амандық-саулық сұрасқаннан кейін: "Анау бір алты қанат ақ үй қалай-қалай шайқалады өзі?"-деп сұрайды.


Жас келіншек иіле сәсалады да: "Перзент босана алмай қиналған өзіміз тәрізді келіншектің жан айқайығой"-дейді. Мән жайға қаныққан Ақай ана әлгі ақ үйге дауыс жетердей жерге барып қобызын алады да "Адыра жаның босасын" сарынын тартқанда әбден қиналған келіншек бірден тылықсып ұйықтап кетеді. Қобыздың үнін естіген ел-жұрт Ақай ананың төңірегіне жиналып қалады. Ана оларға: "Ниеттеріңе Жаратқан Ием текті ұл бергелі тұр, несіне тесіле қарайсыңдар?!


Қарап тұрмай ақбоз үйдің төрт тарапына үйге жетпестей етіп от қойыңдар!"-дейді ашуланып. Азаматтар ананың айтқанын бұлжытпай орындайды. Көп уақыт өтпей-ақ ақ боз үйдің ішінен шарылдап дүние есігін ашқан сәбидің үніде шығады. Бірақ дүниеге келген жас нәрестенің денесі қандай қып-қызыл еді.


Ақай ана су тола торсығын нұсқап: "Мына торсықта қасиетті әулие Баба Түкті Шашты Әзіздің киелі Жылыбұлағының тұмбасы бар. Осы суға тұз қосып жұма сайын шомылдырыңдар. Қалғанын Жаратқан ием жар болып, ата-баба әруағы шешер. Тұсауын Қызыр кесер. Ер жетер, бәрі де өтер...деп сәл ойланып тұрып: "Бұл перзенттің ғұмыры бір мүшелге толғанша шет қалады. Мүшесінен асқанда айналасы өрт болады. Екінші мүшелге жеткенде айтқаны серт болады. Тіл тигізіп, қол көтерген мерт болады!"- деп дәм ауыз тиместен түйесіне отырып жол жүріп кетеді...


Ақай ана Қыпшақтың Шашты атасынан тарайтын Уәли Бекей төренің жалғыз қызы болған екен. Ислам тарихындағы көптеген әулие аналарды пір еткен ол кісі ешқашан тұрмыс құрмапты. Атақ пен байлықты тәркі етіп, ақ төсекке талақ айтып, тек ел аралап Ұлы Қазақтың даласында ғұмыр кешкен тектілерден сыр шертіп насихаттап ақихатты айтқан жан болған екен. (Сыпыра шежіреші Әлиасқар Байғұтұлынан жеткізген Ақпантай Байғұтов пен Асан Тұрабаев)

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2021
14.07.2021
08.06.2021
07.03.2021
18.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930