USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Келін мен төркінің қарым-қатынасы

  • 14.июля.2021, 19:44,
  • 236

Қазақ салтында, ұзатылған қыз өзі келін болып түскен отбасының занды мүшесіне айналады. Яғни, ұзатылып барған ер азаматының заңды жары. 

Оның ендігі құқығы мен мүддесін, азаматтық орнын өзі келін болып барған отбасы қорғайды.

Ал оның төркіні, яғни, ата — анасы мен бауырлары онымен тек туыстық қатынаста болады. Олар қызы келін болып барған отбасының отбасылық істеріне орынсыз араласа алмайды.

Ата — ананың ұзатылған қызының тұрмыстық және отбасылық істеріне орынсыз араласуы көргенсіздік, тәрбиесіздік, тіпті жолсыздық болады. Алайда, қыздарының намысы тапталып, қорланған жағдайда құдалары мен күйеу балаларымен бейбіт түрде сөйлесу керек.

Әдетте, қыздары ұзатылып барған жерде күйеуі немесе ата-ене, туысқандарымен ренжісіп жатса, қыздың ата-анасы қыздарын:«куйеуің мен ата-енеңнің тілегінен шығып, қайныларыңның тілін таба алмасан қайтып адам боласың, «тас түскен жеріне ауыр» деген, сен өзің келін болып түскен үйдің заңды бір мүшесісің, жақсы қылық, жарасымды мінезіңмен барған жеріңнің көңілінен шығу сенін келіндік міндетің»деп сабырға шақырған жөн. Ренжіп, қайын жұртын жамандап келген ару болса оған бас кезінен тиым салу керек.

Қазақ салтында ұзатылған қыздың әке үйіне қашып келуі бетке салық, сүйекке таңба түсіреді. Өте ұятты іс саналған. «Қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» деп қыздарының барған жерінен қайтып келуін өте жек көретіндіктен,қазақ қыздары өздері келін болып барған отбасы мен ел-жұртын «өз елім, өз жұртым деп» біліп, сол өзі түскен отбасы мен ел-жұртқа бауыр басып, сонда түтін түтетіп, жақсы іс, жайдары мінезімен қиындық атаулыны жеңіп, ата-анасы ел-жұртының бетіне шіркеу келтірмеген.

Қандай жағдайда да төркініне қашып-піспеген. Қайта ақылдылығы мен алғырлығы, қайсарлығы мен іскерлігі арқылы барған жеріндегі үлкен-кішімен түгел тіл табысып «текті келін, жақсы келін, іскер келін ісмер келін, ақылды келін, білімді келін, би келін» атанып, ел жұрттың сый-құрметіне бөленіп отырған...

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2021
07.06.2021
05.02.2021
26.08.2020
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031