USD 485.11
EUR 523.82
RUB 5.02
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Әлихан Бөкейхан жайлы...

  • 24.қыркүйек.2021, 20:56,
  • 136

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын басқарған Әлихан Бөкейхан 1937 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде сотталып, сол жерде атылған. 

Бірақ та, ССРО НКВД-КГБ-сының құқықтық мирасқоры болып табылатын Ресейдің арнаулы қызметі оның жерленген орынын айтпай отыр.

Әлихан Бөкейханды ату жазасына кескен үкім 1937 жылғы 27 қыркүйекте шығарылған және тура сол күні – 1937 жылғы 27 қыркүйекте орындалған. Тіпті, қай жерде, қай қорымда немесе қай ортақ зиратта жатқаны беймәлім. Ресейдің ФҚҚ бұл сұраққа байланысты ешқандай мәлімет бермейді.

Осылайша қазақ ұлттық қозғалысының тағы бір көсемінің сүйегі ізім-ғайым жоқ болды. Десе дегендей, сталиндік қуғын-сүргін мыңдаған қазақстандықтың басын жұтты. Адамы тұтқындалмаған, жер аударылмаған және абақтының адам төзгісіз күйін көрмеген бір де бір отбасы қалмады десе де болады.


Мыңдаған адамның сүйегі қайда қалғаны белгісіз. Тәуелсіздік алған Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргіннің шындықтарын іздеу жекелеген ғалымдар мен ынталылардың бастамасымен ғана шектелуде. Коммунистік жүйенің ашықтан ашық жасаған қылмысы жазасын алған жоқ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
10.09.2021
22.09.2020
Зобалаң зардабы – зілбатпан

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, «репрессия» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада жойылып кету қаупі қаншама рет төнді. 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерьлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.

31.05.2019
31.05.2019
31.05.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031