USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Кенесары ханның бас сүйегі қайда?!

  • 10.қыркүйек.2021, 20:17,
  • 332

Жуырда бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде Омбыда Кенесары ханның бас сүйегі табылды деген ақпарат тараған еді.

Кенесары Қасымұлы — қазақтың соңғы ханы және 1837-1847 жылдардағы ұлт азаттық қозғалыстың басшысы. Қазақты Ресей империясынан азат етемін деген ол ақыры тұтқынға түседі. Ал басын алғандар оны Батыс Сібірдің генерал-губернаторына сыйлық қылып жіберген.

Содан бері Кенесары ханның басы қайда қалды және оны туған жеріне қалай оралта аламыз деген сұрақ көп жылдан бері отандық тарихшыларға маза бермей келеді.

Әуел баста хан Кененің бас сүйегін Санкт-Петербургтегі атақты "Кунсткамера" мұражайынан іздеген. 2004 жылы Сыртқы істер министрлігі мұражайға ресми сауал жолдағанымен, ханның бас сүйегі ол жақтан табылған жоқ.

2016 жылы сол кездегі Премьер-министр Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездескенде, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін елге қайтару туралы сөз қозғаған еді.

Ал биыл соңғы ханымыздың бас сүйегін елге қайтару туралы мәселе мемлекет басшылары деңгейінде қозғалды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өтінішіне жауап берген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин артефактіні өз еліне қайтаруға жәрдемдесемін деп уәде еткен еді.

Содан кейін бірқатар БАҚ "Хан Кененің бас сүйегі Омбыдағы мұражайдан табылды. Генетикалық сараптамадан кейін оны елге қайтарады" деген ақпарат тарата бастады.

Хан Кененің бас сүйегі Достоевский атындағы Омбы тарих және этнография мұражайында немесе Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайында сақталуы мүмкін деген пайымға келді. Осыған дейін хабарлағанымыздай, бұлардың соңғысында Кенесары ханның мылтығы сақталған.


"Бізде ондай экспонат жоқ" деп тура жауап берді. Ал тарихи-өлкетану мұражайы ресми сауал жолдауымызды өтінді. Кейін ондағылар да "біздің қорда "қазақтың соңғы ханы Кенесарының бас сүйегі" деп аталатын дүние жоқ", - деп жауап берді мұражай әкімшілігі.

Ал ел арасында хан Кененің басы елге оралған сәттен Қазақстанда тамаша өмір басталады деген аңыз бар. Сондықтан ЭК редакциясы да артефактінің қайда екенін анықтау үшін тынбай еңбек етіп, сауалдар жолдай береді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
08.09.2021
21.07.2021
08.07.2021
02.10.2020
04.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930