USD 541.01
EUR 640.34
RUB 6.52
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жошы ханның дүниеге келуі

  • 21.июля.2021, 17:57,
  • 349

Бірде меркіт тайпасы қолайлы сәтті пайдаланып, Шыңғыс ордасын шауып, Жошыға жүкті болып отырған әйелін олжалайды да, оны Оң ханға тарту етеді. 

Ол кезде меркіттер мен Оң ханның арасы жақсы болса керек. Ал Оң хан мен Шыңғыс ханның әкелері ертеден дос - жар болатын. Оң хан Шыңғысты өз баласына балайтын.


Сондықтан да қолға түскен ханшаны өз келініндей ұстап, оған адал көңілімен мүсіркей қарайды. Оң ханның әмірлері: ,,Әйелдікке алуың керек,,- дегенде, Оң хан: ,,Жоқ бұл менің келінім, оған сатқындық жасауға болмайды,,- деп жауап береді. Шыңғыс хан бұл жағдайды естісімен- ақ Сартақтың атасы Сапаны жұмсап, ханшаны алып келуді тапсырады.


Оң хан болса оларды сый -құрметпен қарсы алып, ханшаны беріп жібереді. Сапа мен ханша Шыңғыс ханға қайтып келе жатады. Осы сапар жолда Жошы дүниеге келеді. Жол ауыр, паналайтын жер жоқ оның үстіне жолдың қауіп қатері көп болғандықтан, Сапа ұннан қамыр илеп жаймалайды да, оған жас нәрестені жайлап орайды. Міне, осындай қиын кезде, жол үстінде жосып келе жатқанда туған балаға Жошы деп ат қояды.


Ақселеу Сейдімбек. 5-ші томы.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.07.2021
14.07.2021
28.05.2021
27.07.2020
04.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930