USD 425.3
EUR 501.05
RUB 5.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Мен қалай Мұхаммед Әли болдым"

  • 03.августа.2021, 19:34,
  • 57

Бала кезімнен мен өте қызық, тентек болып өстім. Бір күні әжем мені өзімен бірге шіркеуге мінәжат етуге ертіп апарды. 

Шіркеу ғимаратына кірген соң, жан - жағыма үңіле қарап, қызық көріп, қабырғаларға жапсырыла салынған мүсінді суреттердің түрі- түсі туралы сұрақ қоя бастадым.


Неге барлық періштелер ақ, неге Иса пайғамбар Ақ, неге жақсылар ақ түсті, ал барлық жамандық қара түсті? Егер сіз жаман адам болсаңыз - сіз қара тізімге енесіз, тіпті шайтанның өзі де қызыл-қара. Мұндай діни наным- сенім шыны керек, көңіліме жақпады, мен мұнда бірдеңе дұрыс емес екенін сездім.


Сан түрлі айқастардан сүрінбей өтіп, мен алтын медаль жеңіп алғаннан кейін, бүйректен сирақ шығарып, түрлі алауыздықтарға себеп болып жүрген ақтарды орнына қоямын деп ойладым. Бір күні "Downtown" мейрамханасына келдім. Бұл мейрамханаға қара адамдарды кіргізбейтін. Тіпті адам құрлы көрмейтін.


Ресторанның шынжыр балақ, шұбар төс басшылары әбден лепіріп алғаны сонша, "Қолдарыңнан не келеді?"- деп менсінбей мысқылдайтын көрінеді. Ерегіскенде мен осы мейрамханаға келдім. Жер -жерлерде атағым жайылып , абыройым қарыштап тұрған уақыт, Алтын медаль иесі, Олимпиада чемпионы мен тапсырыс бергім келді.


Менің жүрген бір қаңғыбас - қайыршы емес екенімді, чемпион екенімді білсе де, олар бәрібір сыртқа қуып шығарды. Тіпті шикіл сары бетінің бір тамыры бүлк етіп ұялған жоқ. Бүкіл күш- қуатымды, есіл -дертімді, маңдай тер еңбегімді, кеудемдегі қымбат жанымды салып осынау Америка үшін күрестім, Американың атағын шығардым, чемпион болдым. Бірақ мейрамханада түскі ас іше алмаймын. Сосын мұндай қорлық түріне қатты ренжідім. Теңіз жағасына келіп, алған медальдарымды суға лақтырдым.


Бір күні Мұхаммед пайғамбар (ﷺ) туралы естідім және Исламда нәсілшілдік жоқ екеніне көңілім ауды. Көңілім құлазыған бір күні мешітке келдім, аяқ киімімді шешіп ішке кірдім. Бәрі тыныш отырды, олар дұға ету уақытын күтті. Жайғасқан соң, жан- жағыма қарай бастадым. Кенет, өз көзіме өзім сенбедім! Қара мен ақ адамдар бір-бірімен сөйлесіп, бірге күлісіп, бірге дұға етісіп жатыр. Осындай бейбіт те ынтымағы жарасқан көрініс мені қатты қуантты.


Мен қара түсті құшақтап тұрған ақ түсті көрдім, бұл ашық күндегі найзағайдай әсер етті, сосын көңілім босап жылап жібердім. Оларға қарап отырғанымда, кенет мешіт имамы келді, ол маған сәлем берді, мені бірінші рет көргенін айтты. Мен шын ниетіммен мұсылман болғым келетінін айттым.


Намаздан кейін имам мені шақырып: "сіз Алладан басқа құдай жоқ екенін және Мұхаммед Оның құлы мен елшісі екеніне иман келтіресіз бе?" - деді. Мен иман келтірдім, барлығы "Аллаһу Акбар"-деп айқайлады. Мен жылаймын деп ойламадым, көбісі, тіпті имамның өзі де жылап тұр. Мені құшақтап, құттықтады. Мен осы күннен бастап тәуекел етіп, атымды "Мұхаммед Әли" -деп өзгерттім. Әсерленгенім соншалық, мен чемпион болған кезде дәл осылай жыламаған екенмін. Мұсылман болған кезде шын жыладым.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
20.07.2021
08.06.2021
18.02.2021
18.02.2021
28.08.2020
ПІКІР
14 қыркүйек14:23,
Экономика
Көкөніс бағалары төмендеп жатыр  
14 қыркүйек13:59,
Экономика
Көмір өндірісі қысқарып келеді  
14 қыркүйек11:03,
Тарихи мұра / Фото
ШҚО ерекше тарихи маңызы бар обалар табылды   Фото
13 қыркүйек15:06,
ҚОҒАМ
800-ден сайт бұғатталды  
13 қыркүйек09:46,
саясат / Видео
Ұлттық қауіпсіздіктің жағдайы қандай?!   Видео
«    Қыркүйек 2021    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930