USD 525.11
EUR 546.74
RUB 4.88
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мұқатаевтың Қонаевқа жолдаған хаты жетпей қалды

  • 02.августа.2021, 18:11,
  • 220

Менің үлкен кісім үнсіз, қаламдастарым да үнсіз. Менің тағдырым, ақын тағдыры қалайша ешкімді селт еткізбейді? 

Білмеймін, мен өзімді-өзім әбден аямай айыптап біткенде, олар мені қалайша тағы қайта жазғырмақ? Мен, бәлкім, өзі де оңды біткелі тұрғанда, өтініш айтпайтын жаққа өтініш айтып, шалыс қадам жасап қойдым ба?! Кейде шын жүректен айтқан сырыңның бүмерангқа айналып, өзіңе қайта оралып соғуы да ғажап емес. Егер тағы қайтадан бас-көз жоқ сөгу, даттау басталып кетсе қайтем?!


Ашығын айтқанда, өзімнің қандай адам екенімді де білмеймін. Көңілшек екенім рас. Алайда, жаным менің тым мейірбан, жүрегім менің өте жұмсақ. Сірә, сондықтан шығар Толстойдың "жауыздыққа, зорлыққа қарсыласпауын" менің де қолдайтыным? Солай ма?!


Адамдарды жауыз деп айта алмаймын, өйткені оларды аз білем. Мен зерттеуші емеспін, ақынмын. Адамзаттың қайғысы мен қуанышы мені жеке адамның өзінен артық қызықтырады. Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де солардың бірімін. Мені жұрттың тағдыры, оларды қоршаған ортаның шындығы, олар өмір сүріп отырған уақыт, оларды басқарып отырған қоғам қызықтырады...»

Мұқағали күнделігінен, 29 мамыр, 1974 жыл

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қантар 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031