Фото - 23 сағатқа созылған жүрекке трансплантациялау операциясысы сәтті өткеннен кейінгі жағдайды бейнелейді. Қол-аяқтың және барлық дененің ең қиын, ауыртпалық жағдайда жұмыс істеген 23 сағатты елестетіп көріңіз, өйткені кішкентай болмашы қателік науқастың өмірін жоғалтуымен аяқталуы мүмкін еді.
Ол кезде дәрігерлердің жұмысын бақылайтын жоғары дәлдікте жұмыс жасайтындар технологиялық жабдық әлі болмаған заман еді.
Операцияны жоғары білікті маман, поляк кардиохирургі Збигнев Релига жасады.
Фотосуретте ол қатты шаршап, индикаторларға - пациенттің жаңа жүрегі қалай жұмыс істейтініне қарап, бақылап отыр. Оның шаршаған көмекшісі оң жақ бұрышта демалып жатыр.
Операция үстелінде жатқан адам - мұғалім Тадеуш Зиткевич. 1987 жылы аса ауыр жүрек жеткіліксіздігімен ауырды. Бұған дейін ол үш рет инфарктты басынан өткерген еді. Ол шамамен 60 жаста еді. Көмекке жүгінген барлық дәрігерлер, бұндай жаста күрделі операцияға төтеп бере алмайтындығын қайталап шығарып сала берді. Бірақ Жуткевич одан ары жүре алмады, қатты қиналды. Сондықтан дәрігер Религаға хат жазды. Тек үш сөз тіркесі бар: «Мен мұғаліммін. Менің жүрегім жаман.Мен көмек сұраймын».
Дәрігер оған көмектесуге келісіп:
- Келіңізші, - деп жауап берді.
Операция сәтті өтті. Мұғалім одан кейін тағы 30 жыл өмір сүріп, операция жасаған дәрігерінен ұзақ жасап, 91 жасында осы дүниеден өтті. Бұл 2017 жылдың қыркүйегінде болды.
Дәрігер Збигнев Релига 70 жыл өмір сүрді, ол 2009 жылы қайтыс болды. Әрине, жақсы дәрігерлер бар, бірақ адами қасиеті мықты дәрігерлер онша көп емес. Біз оларды "Құдайдың өзі қолын сүйген" деп айта аламыз!
скачать dle 12.0