Автордың есінде, лагерьде өткізген он алты жылдың ішінде - бұл жалғыз оқиға болғанын үлкен таңданыспен атап өтеді. Кітаптан үзінді келтірейік: «Біз лагерьге келгенге дейін Украинадан бір эшелон толы адамдар келіп болған. Контингент қажетті санға дейін толығу үшін біз үшінші эшелонды асыға күттік".
Ақырында, бұл этаптың адамдары да келді: Қазақстанның ұлттық интеллигенциясын әкелді: инженерлер, жазушылар, суретшілер, дәрігерлер, актерлар, мұғалімдерді. Оларды түп тамырымен құрту үшін, осы ерекше климаты суық Қиыр Солтүстікке барлық жақсыларды жинады. Бұған дейін мен ешқашан қазақтарды кездестірген емеспін, түрлеріне қарасам атжақты, көздері қысыңқылау екенін көріп, эвенктерге ұқсаттым. Эвенктерге қосатын болды деп ойладым.
Бірақ бұл мүлдем басқаша болып шықты. Келесі түні, пышақ пен ұстаралары бар он-он бес шақты лагерьдегі ұры-қарылар барактарға шабуыл жасап, келгендерді біртіндеп және топ-тобымен тонай бастады. Бірақ қазақтар бірігіп аулаға шығып, барлық заттарын, киім-кешектерін ортаға жинап, өздері айналасына жатып алған. Түнде ұрылар тонауға келгенде, қазақтар олармен жұдырықтасып, қарсылық білдіріп еш бір заттарына ешқайсысын жолатпаған. Ұрылар амалсыздан шегінді.
Келесі күні таңертең басшылар «бүліктілерді», яғни қазақтарды тыныштандыруға келді, оларға қоқан-лоқы жасап еді, көндіре алмағасын, ақырында қазақтар үшін бір барак босатылды.
Менің лагерьде он алты жыл болған өмірімде, бастықтарға және олардың қол шоқпары болған ұры-қарыларға ұйымшылдықпен қарсыласуының жалғыз көрген көрінісім осы болды.