USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

16 жол өлеңі үшін, 18 жыл айдауда болған қазақ

  • 23.июня.2021, 19:48,
  • 194

1932 жылы Қазақ даласын жантүршігерлік аштық жайлады. Орыс империясының Қазақтың ұлан- байтақ даласына қызығуы, жаншошырлық ашкөздігі халықты қынадай қырды. 

Қазақтың ұшы-қиыры жоқ даласын, ен байлығымен бірге бауырына басу үшін, көшпенді, шаруа халықтың көзі ашық зиялыларын құрту - басты мақсаттары еді. Баскөтерер азаматтарының көзін жою арқылы, қалған қарапайым халықты езіп- жаншып орыстандыру саясаты қарқынды жүрді. Сталиндік жоспар, асыра орындалғаны соншалық - халық аштан қырылып, Қазақ даласы өлексе сасыды.


Осы оқиғаны көзімен көріп, ашынған жас жігіт Шахан Мусин көп ұзамай "Майлықара" яғни, азапты айдауға түсуіне себеп болған 16 жолдан тұратын " Наркомға хат" өлеңін жазады. Өлең бастан- аяқ, сол кездегі Қазақ даласындағы жағдайды баяндайтын.


Елім деп шырқырап жазылған осы өлең, Қазақтың арда азаматының басына қауіп боп төнеді.


1936 жылы "Халық жауы" деген жалған жаламен Қиыр Шығыстағы "Колымаға" түседі. 10 жыл ауыр, азапты айдауда болып, 1946 жылы туған жері Семейге оралып, театрға жұмысқа орналасады. Шахин бостандықтың дəмін сезінбей жатып, 1948 жылы баяғы "жау, тыңшы" деген жаламен қайта ұсталып, Сібірге өмір бойына жер аударылады. 16 жол өлеңімен Қазақтың жəй-күйін жеткізем деп шырылдаған ақын жігіт, өмірінің 18 жылын айдауда өткізіп, 1954 жылы Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып, босап шығады.


Елге оралған соң, театрға қайта орналасып өмірінің соңғы жылы- 1999 жылға дейін сонда жұмыс істеп, Өнер қайраткері, Қазақстанның халық артисі деген құрметтермен марапатталады.

Сталиндік саясаттың құрбаны болып кеткен талай жақсыларымыз бар. Сол саясатқа кірпік қақпай тура қарап, ең жігерлі, жалынды жас шағының 18 жылын қатаң айдауда өткізген Шахан Мусин осындай жан еді.


Сталинді, сталиншіл жаналғыштардың шамына тиген, 16 жол өлеңдегі Қазақ тілінің құдіреті ме екен, əлде, сол өлеңді жазып шыққан жігіттің- ұлтына, жеріне деген үлкен сүйіспеншілігі ме екен.?


(с) Нурила Қоңырат

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
23.06.2021
02.10.2020
26.08.2020
06.06.2019
02.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930