Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда дәрігерлерді қамау ісі бойынша пікір білдірді.
Отандық БАҚ-та полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев пен алматылық дәрігерлер дауы ерекше қозғалуда. Бүгін бұл іске қатысты Күдебаевтар адвокаты Айман Омарова мен басшы інісі қатысқан баспасөз мәслихаты өтті.